Аманат-Бостан бастауыш партия ұйымы ұйымдастырумен өткен "Үздік өнерлі отбасы" байқауында белсенділік танытып, қатысуға ниет білдірген Құлбаевтар отбасы мен Мырзабаевтар отбасына алғыс білдіреміз. Кезекті жүлделі орындарға тоқталсақ, қазақтың көп ішекті аспабы жетігенді желдей иірген 7 "Б" сынып оқушысы Құлбай Гүлден- І орын, қазақтың тарихын баяндайтын домбыраны қағыта отырып ән салған 5 "Б" сынып оқушысы Мырзабай Кәусар- ІІ орын, күйді күмбірлетер 8 "Б" сынып оқушысы Құлбай Нұрсәт- ІІІ орын, мың бұралған биімен, өнерімен танылған Мырзабаевтар 4 "Б" сынып оқушысы Назым, 2 "Ә" сынып оқушысы Айдос, 1 "Ә" сынып оқушысы Мадина- ІV орынмен марапатталды.