Қаңтар айының 26-сы күні Қарақия ауданында “Серікбол – ғалам” атты ғылыми-мәдениеттанымдық , эстафеталық сайысы өткен болатын.
Сайыс ережесіне сай "3" кезеңге бөлінген. Ғалымның мақалаларын талдау, презентация арқылы білім додасына түсу.
Екінші кезеңде талдап отырған мақалаға сай шығармашылық, көркем ойлау өнер сайысын өткізеді.
Үшінші кезеңінде әр команданың 8 жанкүйері С.Қондыбайдың «Қазақтың рәміздер жағырапиясы» (15 том, 63-72 бб.) мақаласындағы қазақтарға қатысты 32 киелі жер-су атауларына берілген анықтамаларды жатқа айтуы керек.
Барлық сайыс шарттарынан үздік деп танылған мектебіміздің "Самға" оқушылар тобы аудандық кезеңде "1" орынды иеленіп, енді облысқа қатысады.
