Апталық барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұркелді Жұмабекұлы 7-сыныптар арасында "Ойлы болсаң, озып көр" интеллектуалды сайысын өткізді.
Сайыста үш кезең бойынша деңгейлік тапсырмалар берілді.
Қазақ тілі және әдебиет пәндерінен 10,20,30,40 балл бойынша сұрақтар ұяшық таңдаумен өтсе, екінші кезең word wall платформасында болды. Үшінші кезең сайыс ережесінде көрсетілгендей ұпай саны көп топтардың топ басшыларына сұрақ қою арқылы өтті!
Оқушылар аталған пәндер бойынша жыл басынан бергі өткен тақырыптарды толық меңгергенін білім додасында дәлелдей алды.
Сайыс нәтижесінде: 7 "а" сыныбы – "|" орын!
7 "б" сыныбы – "||" орын!
7 "ә" сыныбы – "|||" орынды иеленді!
