Skip to content

Мектептің ішкі тәртібіне байланысты “Өзін-өзі басқару” ұйымы және тәрбие орынбасары,…

Мектептің ішкі тәртібіне байланысты "Өзін-өзі басқару" ұйымы және тәрбие орынбасары, тәлімгер, әлеуметтік педагог бірлескен жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында күн тәртібіндегі басты мәселелер:
1) Оқушылардың сабаққа кешікпеуі;
2) Ішкі тәртіпті сақтаудың тиімді жолдарын қарастыру;
3) Әр аптаның 5 күнінде фракция өкілдері өз міндеттерін бөліп алды;
4) мектеп формасын сақтау;
Қосымша:
5) 06.02-09.02.23ж күндері аралығында жоспарға сәйкес қайырымдылық акциясы өтті. Түскен қаражаттың берілетін көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды таныстыру;

Бұл жиналыстың маңызы зор.
Апта ішінде оқушылардың әдеби кітаптарды оқуы, оқу құралдарының ұсталысы бойынша дүйсенбі күні тәлім сағатында үздік оқушылар марапатталып отырады.
Фракция оқушылары қызықты үзілістер өткізіп отырады. Әр апта соңында есеп беріліп, тәртіп бойынша мониторинг жасалып отырады. Құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың болмауы, тыйым салынған тауарларды қолданбау сияқты мәселелер де талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *