Бүгін көктемнің жайдарлы күні!
Халықаралық әйелдер мерекесі. Төл мерекеде барша нәзік жандыларды құрметтеу ер азаматтардың міндеті. Себебі, әйел-ана, ұстаз, жарық күн, ғажап әлем, сиқырлы сандық, мейірімді жүрек!
Осы мерекеге орай мектебіміздің 1-11 сынып ер балалар оқушыларымыз ұстаздары мен сыныптастарын әуезді ән, мәнді өлең шумақтарын қосып құттықтады. Мерекелік концерт соңы тәттілер мен гүл шоқтарын тарту етумен жалғасты.
