26.05.2023 жыл күні оқу және тәрбие процесінде жеткен жетістіктердің қорытынды кеші "ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ – 2023" атты керемет іс-шарамен мөрленген болатын!
Әр сыныптың үздік оқушылары "Үздік оқушы" лентасымен көпшілік алдында қошеметке ие болса, аудандық, облыстық, республикалық сайыс жүлдегерлері жетекшілерімен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті!
Сонымен қатар мектеп өмірінде белсенді болған оқушыларымыздың ата-аналары да алғыс хатпен марапатталды. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойындағы дарынды анықтау, өзге де білім алушыларға насихаттау болып отыр! Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші, бірігіп білім жолында еңбек еткен ұстаздардың еңбегі оқушының жеңісімен өлшенеді!
Қанаттарыңыз шәкірттер талмасын! Білім мен білік биігінен көріне беріңіздер!
