Жолда жүру ережесін сақтау өте маңызды. Ол адам жанының қауіпсіздігі.
Арнайы мамандар және жас инспектор жетекшісі бірлесіп 1-сынып оқушыларына жолда жүру ережесін түсіндіріп, практикалық қимыл-қозғалыстар арқылы жұмыс жүргізді.
Жаяу жүргінші жолындағы қауіпсіздікті сақтау, жолдан өтетін кездегі құлаққаптың болмауы, оң және сол жаққа қарап көліктің бар-жоғын тексеру сынды маңызды ақпараттарды оқушыларға түсіндірді.
Жол қауіпсіздігін сақтау ережелері әрқашан маңызды. Білім беру ұйымы аумақтарындағы арнайы белгілерді үнемі бақылауда ұстау бойынша түсінік жасалды.
#біртұтас_тәрбие #жолдажүруережесінсақтайық
