"Қыран елім – Қазақстаным" тақырыбында Республика күніне орай 3-4сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындарымыз Мұқағали Мақатаевтың "Үш бақытым", "Отан" өлеңдерін, Несіпбек Айтұлының "Отан", Тұманбай Молдағалиевтің "Отан" сынды өлеңдерін оқушылар жатқа мәнерлеп оқып орындарға ие болды!
Бас жүлдені – 3 "А" сынып оқушысы Бисенғали Дидар "Отан" өлеңімен иеленді!
Жүлделі "І" орынды иеленген – Дабысбай Диас 3 "Ә" сынып оқушысы!
Жүлделі "ІІ" орынды екі оқушымыз иеленді. Олар
– 4 "А" Еркебай Ернар, 4 "Б" Әлібек Ақнұр.
Жүлделі "ІІІ" орынды екі оқушымыз иеленді. Олар – 3 "А" Есболұлы Мирас және 4 "Ә" сынып оқушысы Сүйеубай Үзілхан иеленді!
Елдігіміздің ертеңгі үміт күттірер жас жеткіншектерінің өнерлері өрлей берсін!
#біртұтас_тәрбие
#РеспубликакүніМаңғыстау
#RepublicDayMangystau
