Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру біздің басты міндетіміз. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектебімізде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында шаралар өткізіліп жатыр. Соның бірі, «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» акциясы.
Шара барысында 5 «А» сынып жетекшісі Бөлекбаев Жеңісгүл мектеп кітапханасын оқушыларға таныстырып, кітап сөрелеріне бағыт беріп, оқушыларды кітап оқуға шақырды. Бұл акцияға 5-сынып жетекшілерімен бірге, 5-сынып оқушылары да белсенді қатысты. Өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, кітап әлеміне деген қызығушылықтарын танытты.
