Мектепалды даярлық "А" сыныптың жетекшісі Элтаева Күмісай "Жол ережесін білейік" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, есте сақтауға үйрету. Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері ойын ойнату арқылы, сұрақ-жауап арқылы өтті.
Балалар шаттық шеңберін жасап, АКТ тақта арқылы "жаяу жүргінші өтпесі" секілді жол ережесіне байланысты ақпараттарды түсінді.
#біртұтас_тәрбие
