Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қарақұдық мектебі» КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде қажетті мамандарға конкурс жариялайды. Қажетті мамандар саны: 📌Ағылшын пәні мұғалімі (уақытша) – 1 орын(декреттік демалыстағы мұғалімнің орнына)
📌Орыс тілі (Тұрақты) – 1 орын
📌Логопед (Тұрақты)-1
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);т.б.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 31 қазан – 6 қараша
Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы 8.11.2023ж. сағат 10.00-де өткізіледі. Құжаттарды 8.11.2023ж күніне дейін комиссия хатшысы Алипова Айғанымға тапсыруларыңыз сұралады.
Барлық сұрақтарыңызға жауапты білім беру ұйымына келіп білсеңіз болады📌

