Skip to content

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық пен кеңпейілділік. Халық даналары…

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық пен кеңпейілділік. Халық даналары «кең болсаң, кем болмайсың», «адамның күні адаммен» деп айтып кеткен. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға жақын жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осындай мақсатпен Бостан ауылының тұрғыны Жанғазиев Ибрагимнің ұлы Шоңай Алинұрдың еміне "Өзін – өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен 13.11.2023 күні "ЖББ Қарақұдық мектебі"КММ-де "Жылы жүрек" атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциясына Бостан ауылының мемлекеттік мекемелері атсалысып, барлық мекеме атынан қаржылай көмек көрсетілді.“Жылы жүрек” қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа, көмекке келуге, мұқтаж жандарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Осы орайда Избасарова Айгүл Доғдырбайқызы бастаған мектеп ұжымына, Иманмадиева Оразгүл Абдалиқызы бастаған Бостан ауылдық амбулаториясы ұжымына, Бастыбаева Жемісгүл Мұратқызы бастаған "Өркен" балабақша ұжымына, Матиков Көшербай ағай бастаған ТОО "Тұрмыс Сервис" ұжымына үлкен алғыс білдіреміз.
#біртұтас_тәрбие
#ozin_ozi_baskaru

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *