Skip to content

Бүгін – ұлттық валюта күні. Төл теңгемізге 30 жыл толды.…

Бүгін – ұлттық валюта күні. Төл теңгемізге 30 жыл толды. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңге айналымға енгізілген еді.

Тарихына тоқталсақ. Ұлттық валютамызды дайындау жұмыстары 1992 жылы басталған, сол жылы 27 тамыз күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ал ертеңіне қазақ валютасын өмірге әкелген суретшілер – Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1993 жылы алғашқы теңге банкноттары Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылды. Теңгені елге тасымалдау үшін төрт ИЛ-76 ұшағы Тұманды Альбион еліне 18 мәрте қатынаған екен, осы орайда мектебіміздің "Өзін – өзі басқару" ұйымының "Білім" фракциясының жетекшісі Шаңытбай Жадырасын және фракция мүшелері оқушыларымызға қызықты үзіліс ұйымдастырды.
#біртұтас_тәрбие
#ozin_ozi_baskaru
#karakia_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *