Тілдер апталығы аясында "Ойлы болсаң, озып көр" 8-сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайысы өтті. Жауапты маман қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұркелді Жұмабекұлы.
Сайысқа әділ төрелік еткен ДОІМ Надірова Феруза және тарих пәні мұғалімі Самал Мұратқызы оқушылардың жинаған ұпайын есептей келе қорытынды шығарды.
Сайыс үш кезең және қызық екен айдарын құрады.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, халық ауыз әдебиетінен 10,20,30,40 ұпай бойынша сұрақтар қойылып нәтижесінде 180 ұпаймен 8 "А" сынып жеңіске жетті. 120 ұпаймен 8 "б" сынып екінші орынды иеленсе, 80 ұпаймен 8 "ә" сынып соңғы орынға табан тіреді!
