Skip to content

Тілдер бірлестігінің жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі…

Тілдер бірлестігінің жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ербосынова Әйгерім "Екі жұлдыз" байқауын ұйымдастырды.
Аталған іс-шараға бастауыш сыныптан бастап жоғары сынып оқушыларының оқушылары қатысты.
Мәнерлеп оқу, қазақтың қанына біткен қасиетті аспап домбырамен сүйемелдей отырып ән салу, тамылжыта күй шерту мен бұлбұл үнмен ән шырқау ұштасқан бұл шара жоғары деңгейде өтті.

Әке мен бала, ана мен бала, әже мен немере болып сайыста бақ сынаған ата-аналар мен оқушылардың бағы мен бабы қатар шауып бәйгеден орын алды.

Іс-шараның мақсаты: үштік одақ жұмысын жандандыра отырып, өнерлі балалардың талантын паш ету.
Оқушы ол – қапшық емес, ішіне не болса соны салатұғын.
Оқушы ол – шырақ, мұғалім шамшырақты лаулату қажет дегенді ұстанатын әріптестеріміз білім мен қатар тәрбиені де жандандыруда!

Сайыс нәтижесінде БАС ЖҮЛДЕ және киіз үй реквизиттерімен "Бір шәугім шай" әнін орындаған Бектұрлы отбасы иеленді!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *