Тренинг-сабақ зорлық-зомбылық түрлері мен салдарын түсіндіру жұмыстарымен басталып, оқушыларға ақпарат берілді. Оқушыларға өзіне және өзгеге зорлық—зомбылық құрбаны болмау керектігі жөнінде аса қатаң ескерту берілді. Сонымен қоса, сенім телефондары көрсетіліп, таратылды. Тренинг-сабақ «Энергия тарату» жаттығуымен жалғасып, оқушылар бір сергіп алды. Доп арқылы қорытынды кері байланыс жасалды. Тренинг-сабақ «Өзіңді сыйлағандай, басқаны да сыйлай біл және сен басқаларға қалай қарасаң, басқалар да саған солай қарайды» нақыл сөзімен аяқталды.
7 "Б" сынып оқушыларына өткізілді. Қатысқан оқушы саны: 15, педагог саны: 2
