Әр тоқсан сайын мектебімізде білім алушылардың оқу құралдарын мұқият ұстауы (қаптау), күнделіктерінің толтырылуы, ата-ана және сынып жетекшінің қолы, сынып жетекшінің апта соңындағы пікір (коментарий) жазуы, жыл басында ата-аналармен бірге жасалған келісім шарт бойынша классикалық үлгіде киіну сынды маңызды мәселелерге рейд жүргізіледі.
3-оқу тоқсанының алғашқы аптасында жоғарыда айтылған мәселелер бойынша рейд жасалды.
Кітаптары қапталмаған оқушыларға ескерту берілді.
Күнделік барлық сыныптарда бар. Кейбір қателіктер бойынша сынып жетекшілерге ескертіліп қателер түзетілді!
Бұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Кітап – ең құнды дүние. Оны пайдаланып жыл соңында таза қалыпта тапсыру келесі сынып оқушыларына жасалған ізеттілік!




