Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 8-9-10-11 сынып оқушыларына жиналыс өтті.
Жиналысқа Қарақия ауданы полиция бөлімі, полиция капитаны Хайреденов Роберт Амангелдиевич және Қарақия ауданы полиция бөлім, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Құттымұратов Ермағанбет қатысты.
ҚР-ның Заңнамасы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсінік жасалды.
Кәмелет жасқа толмағандар арасында жасалатын іс-әрекеттерге заңды өкіл "ата-ана" жауапты болатыны ескертілді.
Мектеп жасындағы оқушының көлік жүргізуіне заң бойынша тыйым салынып, заң шеңберінде айыппұл салынады.
Құрметті ата-аналар!
Балалардың өмір қауіпсіздігі сіздің қолыңызда!
Балаңыздың достары, кіммен араласатыны, ұялы телефонында нені пайдаланып, не нәрсеге әуестігі барын үнемі бақылауда ұстаңыз‼️
Қоғамда болып жатқан зорлық – зомбылық, суицидтің алдын алу бойынша үнемі балаңызбен ашық сөйлесіңіз✅
Баланың болашағының жарқын болуы сапалы білім мен саналы тәрбиенің ұштасуында болады!
