Skip to content

Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға өрледің. Бір ғылым еді іңкәрің,…

Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің,
Әр қиырға сермедің,- деп Абай атамыз айтпақшы, қасиетті де қадірлі мекен – алтын ұя мектебінен сан тарапқа қанат қаққан шәкірттері бүгінгі күн алтын ұясында қайтадан бас қосты.Кеш 11 сынып жетекшілері Жаманқұлова Гүлнұр және Медетбаева Айбала және де кәсіптік бағдар беруші жас маман Базарбаева Назираның ұйымдастыруымен «Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент» деп аталды.
Кеш барысында ”Қызықты сұрақтар” викториналық, логикалық сұрақтар қойылып, көңілді кеш одан әрі жандана түсті.Оқушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алысты.Әр студент өздері оқып жатырған жоғары оқу орындарының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын айтып, қызықты оқиғаларымен бөлісті.Бұл кездесу түлектерге үлкен ой салып, қияға қанат қағуына ықпал етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *