19.01.2024 жыл күні "Есеп беру" жалпы ұжымдық жиыны өтті.
Жиынға Қарақия аудандық білім бөлімінің басшысы Искалиева А.Т Zoom арқылы және мұғалімдер, есепшілер, кіші қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қарастырылды:
1. 2023 оқу жылына мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаржының игерілуі туралы есеп – Избасарова Айгул Догдырбайқызы!
2. Жалпы білім беретін Қарақұдық мектебі кәсіподақ ұйымының жылдық есеп – Кәсіподақ төрағасы Ағзамқызы Мадина!
3. Педагогикалық есеп – педагогикалық әдеп төрағасы Жакупова Асел Нұрболатқызы!
Мектеп басшысы 2023 жылға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың өндіріс қажеттілігіне қарай игерілуі жөнінде нақты цифрларды көрсете отырып, дәлелдер арқылы есеп жасады.
Кәсіподақ төрағасы жыл бойы жасалған жұмыстар, аз қамтылған отбасы балаларына берілген көмек, мереке кезеңдерінде жұмсалған қаржы есебін жасады.
"Педагогикалық әдеп" деген не? Осы термин бойынша қағидаттарына нақты тоқталып, мұғалімнің жүріс
-тұрыс ережелерімен қоса сөйлеу, өзін-өзі ұстау мәдениеті бойынша педагогикалық әдеп төрағасы сөз сөйледі!
@karakia_bilim_bolimi





