Skip to content

Биыл сапалы білім мен саналы ұрпақтың ұясы болған ҚАРАҚҰДЫҚ атты…

Биыл сапалы білім мен саналы ұрпақтың ұясы болған ҚАРАҚҰДЫҚ атты қазыналы қара шаңыраққа 45-жыл✨!

Әрине, білім беру ұйымының ашылғаннан бергі тарихында қаншама білікті басшылар, мықты мамандар қызмет етті. Сол ұлылардан білімпаз шәкірттер тәрбиеленіп бүгінде ел іргесінің даму жолында келелі істердің басшысы болып та жүр.

45 жылдыққа орай биылғы 2023-2024 оқу жылында «Қоғамға қызмет» жобасын іске асыруды қолға алдық. 45 іс-шара елдің ағартушылық жолында аянбай еңбек еткен ардагер ұстаздарды ұлықтау жүруде.
Аталған жобаның жалғасын «Тілдер бірлестігі» жасады.
«Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты тақырыпта ауыл мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып келген Сапиев Жүзбасар Тәуірұлын еске алу кеші жоғары деңгейде өтті.
Ағайдың отбасы, жары – Набат, бала-келін, немерелері және балалықты бірге бөліскен жан жолдасы, 71-78 жылғы түлектері келді.
Ағайдың үздік шахматшы, спортшы, спорт коментаторы, ғылымдар патшасы математиканың үздік шебері екенін айтып, бүкпесіз әңгіме сырлы сұхбат болды!
Кештің куәсі болған қонақтардың ұлы ұстазға деген сағынышын көз жанарындағы мөлдірлік пен сөздеріндегі сырлы әңгімеден ұққандай болдық!

Аталған жоба жалғасын табады!
Ұлысын ұлықтаған ұрпақтың болашағы да мығым болмақ!
#біртұтас_тәрбие
#45жыл #қарақұдықмектебі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *