«ЖББ Қарақұдық мектебі» КММ «Оқуға құштар» жобасы аясында 5-7 сынып
оқушылары арасында көркем әдебиеттерінен үздік қойылым.
Жалпы ереже
Осы ереже 5-7 сынып оқушылары арасында үздік қойылым байқауының мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметінің қамсыздандырылуын, өткізу тәртібін, қатысу және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.
Байқау мақсаты:Қазақстан Республикасының Халық жазушылары, қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің, мемлекет және қоғам қайраткерінің шығармаларын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту.
Байқау міндеттері: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқаудың ұйымдастырушысы:
– «Оқуға құштар» жобасынің жетекшісі, ДТЖО.
– 5-7 сынып жетекшщілерінің қолдауымен.
Сахналық қойылым. Балалар әдебиеті шығармаларынан сахналық қойылым көрсету.Қойылатын талаптар: байқауға топ құрамындағы 5-8 оқушының қатысу мүмкіндігі қарастырылады (8 адамнан артық болмауы керек). Сахна мәдениеті өзін-өзі ұстауы, сахналық киімі, сөйлеу мәнері мен тақырыпты толық аша білулері бағаланады. Берілетін уақыт 10 минут.
Сайысқа 8 сынып қатысып, жүлделі орындары мен сыйлықтар табысталды.
5 «А» сыныбы: Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесі» – І орын, сынып жетекшісі: Бөлекбаева Жеңісгүл Қамбарбекқызы.
6 «А» сыныбы: Төлен Әбдік «Қонақтар» – ІІ орын, сынып жетекшісі: Ағзамқызы Мадина.
6 «Ә» сыныбы : Сайын Мұратбек «Жусан иісі» -ІІІ орын, сынып жетекшісі: Мұратова Самал Сәмедқызы.
«Үздік реквизит» – 6«А» сыныбының жетекшісі: Ағзамқызы Мадина
«Үздік актер» – 5 «А» сыныбының оқушысы Бөкенбай Кәусар Жанболатқызы.
«Үздік жетекші» – 5 «Б» сыныбының жетекшісі: Тұрлыманова Ынталы Саламатқызы.
#біртұтас_тәрбие
#оқуғақұштармектеп
@karakia_bilim_bolimi







