Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,
Өзіңдей асыл жанды кім көрген.
Алғысым шексіз саған, жаным анам,
Əрқашан тілеуімді тілеп жүрген!
Қашанда қарыздармын, əке, саған,
Əрқашан мейіріміңді төктің маған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!
“Ағайын тату болса, ас көп” деген,
Жақсылықта əрқашан бірге жүрген.
Ағайын, бауырларға 1000 рахмет,
Қиналғанда бір-бірін демеп жүрген!
Ұстазым – сөзің асыл баға жетпес,
Əр сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес.
Шəкіртін баласындай қадірлеген,
Ұстазым, 1000 алғыс та саған жетпес!
Дос дегенің- бауырың, ол сырласың,
Қиналғанда сырыңды айтар мұңдасың.
Шын достыққа тең келмейді ештеңе,
Алғыс айтып, достық жыры жырлансын!
Назарларыңызға 5 "А" сыныбының алғыс айту күніне арналған бейнеролигін ұсынамыз!
