Skip to content

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға…

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн! деп ақын Мағжан атамыз болашақта тындырымды істердің кемелді де, келелісін жастардың еншісіне қалдырып сенім артқан.
Сол Мағжан сенген бүгінгі жастар Қазақстанның болашағы үшін қызмет етуде. Ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпақты да тәрбиелейтін мамандар осы жастар арасынан шығады. Ал "Жастар күні" наурыз айының 7-сі күні болып бекітілді.

Наурыз айы берекеге, молшылыққа толы ай.
Осы айдың әрбір күні мереке! Аталған кезеңде өткізілетін әрбір күн нақты атаулармен белгіленді.
7-наурыз "Жастар күні".
Осыған орай білім беру ұйымындағы жас мұғалімдер ашық есік күнін ұйымдастырды.
Барлық жас мұғалімдер ашық сабақтарын өткізіп, оқушыларды мұражаймен таныстырып, білікті мамандардан жақсы деген баға алды.
#біртұтастәрбие
#жастаркүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *