Қарақия аудандық білім бөлімі ұйымдастырған «Ар ма, Әз Наурыз» байқауында білім беру ұйымының ұжымдық жеңісі мектеп тарихына жазылды.
«Үздік сахналық қойылым» бойынша «Бабалар аманаты» тақырыбымен салт-дәстүрді насихаттау, мұғалімдерді жан-жақты дамыту мақсатында «Сыралғы, көгентүп, иткөйлек, бұршақ ілу» салт-дәстүрлерін қойып жүлделі «1-орын» иеленді!
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рақымжан Қошқарбайұлы «Үздік спортшы» номинациясында гір көтеру, қол күрес сайысында оқ бойы озық өнер көрсетіп «1-орын» иеленді!
Құттықтаймыз!
#біртұтас_тәрбие
#наурызнама
