"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" қауымдастығының ұйымдастыруымен "Тәлімменен өрілген біздің дәстүр тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Сәуір айына жоспарланған жиналысқа бағдарлама жасақталды. Оқу мен тәрбиедегі тәртібі мен үлгерімінің көрсеткішіне қарай білім алушылардың ата-аналарына мектеп басшысынан алғыс жарияланды.
"Дойбы", "тоғызқұмалақ", "Шебер қолдар" қосымша үйірме жұмыстары көрсетіліп, суретші оқушыларымыздың еңбектері көпшілік назарына қойылды.
"Жақсы көңіл-күй жан азығы" тақырыбында мектеп психологтары ата-аналармен тренинг өткізді.
2023-2024 оқу жылындағы қаржы есебі бойынша жасақталған жаңа кабинеттер, білім алуға жасалынған барлық жақсы жағдайларды мектеп басшысы ата-аналарға айтып өтті.
#біртұтас_тәрбие #атааналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы
@karakia_bilim_bolimi @karakia_akimdigi
