29.04.2024жыл күні ДТЖО және Каракия АПБ ЖПҚб УПИК полиция аға лейтенанты Құттымұратов Ермағанбет 8-9-10-11сынып оқушыларына жиналыс өткізді.
Жиналысқа 8-10 сыныптың оқушылары, сынып жетекшілер және пән мұғалімдері қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Құқық бұзушылықтың алдын алу;
2. Таза табиғат аясында демалысқа шығу барысында қойлатын талаптар және оның орындалысы;
3. Ағымдағы мәселелер;
Бірінші мәселе бойынша білім беру ұйымының ішкі тәртібіне сай тәртіпті сақтау, дәліздегі қозғалыстың тиімді орындалуы бойынша ДТЖО Нұркелді Жұмабекұлы түсінік жұмысын жасап өтті. Алдағы келе жатырған мереке кезінде қауіпсіздікті сақтау, жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік және алыс сапарға шығуда атқарылатын жұмыстар бойынша сөз сөйледі.
2-ші мәселе бойынша АПБ өкілі Құттымұратов Ермағанбет оқушыларға ақпарат беріп, сынып жетекшілердің сұрақтарына жауап берді.
Табиғатқа шығудың талабы бар. Полиция, төтенше жағдай басқармасынан арнайы рұқсат алу қажет. Баратын оқушылардың ата-аналарынан жазбаша қолхат арыз, баратын жердің маршрутының болуы, тасымалдаушы көлік жүргізушінің арнайы құжатының дұрыс болуы және заң бұзбауына аса мән беру керектігі айтылды. Сонымен қатар көліктің толық жағдайы (техосмотрдан өтуі, газ-бензин жайы, қозғалыс желілеріне тексеріс) қарау керек.
Ағымдағы мәселелерге қосымша ақпарат беріліп, ақпараттандыру жұмысы жасалды.
Жиналысқа хаттама толтырылды!
#қаіпсіздік_шаралары #құқықбұзушылықтыңалдыналу
