Мектебізде биылғы 2023-2024 оқу жылында әр сыныпқа жобалар берілген. 11 “А,Б” сынып оқушыларына “Жасыл мектеп” жобасы тапсырылды. “Жасыл мектеп” жобасы аясында 11 сынып жетекшілері жаманқұлова Гүлнұр, Медетбаева Айбала оқушыларға жоба “Жасыл ел” бағдарламасының негізі болып табылатынын слайд, бейнеролик арқылы түсіндірді. Жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, елді мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезімін ояту барысында біршама түсінік жұмыстар жүргізді. Еліміздің көркеюіне үлес қосуына тілекшіміз!
