Skip to content

2023-2024 оқу жылында түрлі бағытта сыныптар арасында жобалар жүзеге асуда.…

2023-2024 оқу жылында түрлі бағытта сыныптар арасында жобалар жүзеге асуда. 8-сыныптарға «Қайырымдылық» жобасы дөп келіп 8 «а,ә,б» сыныптар сынып жетекшілерімен бірлесіп жобаны жүзеге асырды. Алғашқы наурыз айында оқушылар мен ата-аналар үй пісірмелерін дайындап жәрмеңке өткізді. Жәрмеңкеден жиналған қаражаттың сомасы 20000теңгені құрады.
Қайырымдылық жобасы келесі сәуір айында да өз жалғасын тапты. Оқушыларға қайырымдылық тек ас әзірлеп материалдық көмек көрсету ғана емес екенін түсіндіру мақсатында арнайы орталыққа барып сынып жетекшілер қан тапсырды. «Адам жанына араша» қан тапсырып қайырымдылықтың бір түрін көрсетті.
Мамыр айында қайырымдылық жобасы жерлесіміз Дулат азаматтың еміне қаржы жинақтау, панасыз қалған жануарларға көмектесу мақсатында жүрді. Оқушылар жәрмеңке жасап түскен қаржыны арнайы есепшоттарға салды. Жоба жақсы дәрежеде аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *