"Мамыр – Ынтымақ айы" іс-шара жоспарына сәйкес "Менің Бақытым – менің Қазақстаным" тақырыбын арқау етіп Отан қорғаушы айбынды азаматтарға құрмет ретінде өскелең ұрпаққа бабалар батырлығын айтып түсіндірдік.
Ұлы Жеңіс оңайлықпен жетпеді. Қаншама боздақтарымыз Отан үшін жан қиып, жат жерде топырақ бұйырған. Ел үшін етігімен су кешкен тыл ардагерлерінің ерен еңбегін ұрпақтар санасында жаңғырттық. Осындай бейбітшілік заманның қадір-қасиетін шын ұқтыру үшін білім беру ұйымының жанынан ашылған мектеп мұражайына саяхат жасалды.
Ауылдас батыр аталарымыз Базылбеков Дауылханның, Тайшаұлы Ерғалидің ерен істері айтылды.
Арнайы qr арқылы жазбаларын тыңдап, оқушыларға түсіндірме жұмысы жасалды!
#біртұтас_тәрбие
#bilimim_otanyma
