Сұлтан Байбарыс[1] (Бейбарыс, араб.: الظاهر ركن الدين بيبرس البندقداري — әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дин Бейбарыс I әл-Бұндуқтари әс-Салих) — 1223—77 жылдары Мысырда билік құрған сұлтан.
1223 жылы дүниеге келген, қыпшақ руының бұрджоғлы тармағынан тарайды. Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Бейбарыстың әкесі — Жамақ, анасы — Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Сол кезде беріш руы Қырым өңірінде тұрған (қазіргі заманда беріш көбінесе Атырау облысында қоныстанған).Әмір Айтегін әл-Бұндуқтар Димашқ құл базарында сатып алған сондықтан Байбарыс әл-Бұндуқтари деп аталған.
Қараша айында өткен тәрбие сағаты 8 "А" сыныпқа өткізілді.
