Skip to content

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні 🇰🇿Мемлекеттік рәміздер – елдің…

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

🇰🇿Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі.

1992 жылдың дәл осы күні Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандықтар бұл күнді Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады.

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – отансүйгіштіктің белгісі. Қазақстанның әрбір азаматы Әнұранды жатқа айтып, Елтаңбасының тарихын түсініп, көк Туын мәңгі желбіретіп қойса, міне, осы – ұлттық рәміздерімізге деген орасан құрметтің белгісі болмақ. Өйткені ұлттық айшықты таңбалар – елін сүйген кез келген азаматтың намысын көтеріп, рухын асқақтататын мақтанышы!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *