“Балдәурен” лагерінің үшінші күні өз жоспарына сай шаралары өткізілді. Таңғы жаттығулар жасалып, таңғы астарын ішті. Жоспарға сай “Толағай” ойыны өткізілді. Балалар “Толағай” ойынына сәйкес, әртүрлі кезеңдерден өтті. Ойын соңында балалардың көңіл-күйін одан әрі көтеру мақсатында тәттілер таратылды. Ойыннан әбден шаршаған балалар түскі ас ішіп, демалуға дайындалды. Демалып болған соң бесін ас ішіп, үйлеріне қайтты.

