Skip to content

“Балдәурен” лагерінің бесінші күні өз жоспарына сай шаралары өткізілді. Таңғы…

“Балдәурен” лагерінің бесінші күні өз жоспарына сай шаралары өткізілді. Таңғы жаттығулар жасалып, таңғы астарын ішті. Жоспарға сай “Балдәурен аруы” атты іс-шарасы өткізілді. Ару қыздарымыз өз бақтарын сынап, әртүрлі кезеңдерден өтті. Нәтижесінде Кеңес Ақнұр 1-орын алып, “Балдәурен аруы” номинациясына ие болды. Аруларымыздың сайысынан соң, жоспарға сәйкес “Өзін-өзі дамыту ойындары” болды. Балалар ойнап болғаннан кейін түскі ас ішіп, демалуға дайындалды. Демалып болған соң бесін ас ішіп, “Сазды сәлем” атты іс-шарасына қатысып, ән салып өз өнерлерін көрсетті. Балаларға бақ сынап, қатысқандары үшін лагерь атынан тәттілер таратылды. Балалар көтеріңкі көңіл-күйде үйлеріне қайтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *