«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағымдағы жылдың тамыз айында «Мектепке жол, тазалыққа нық қадам!» атты челлендж ұйымдастырылды.
Білім беру ұйымының педагог мамандары, кіші қызметкерлер осы челленджді қолдап қатысқан болатын. Биылғы 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымының әдемілігі, көркемдігі, тазалығы баршамызға ортақ іс.
Бұл іс-шараның мақсаты: 2024-2025 жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының ағымдағы жөндеу жұмыстары, көгалдандыру, сондай-ақ мектептердің маңындағы жолдарға жол сызбалары мен жол белгілерін орнату, кешкі жарық шамдарын қалпына келтіру және аумақтарының тазалық жұмыстарын жандандыру болып табылады.







