Skip to content

📌 “ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ”…

📌 "ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ"

Ағымдағы жылдың 18,19 қыркүйек күндері Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес Қарақия ауданына қарасты Бостан, ауылының жалпы білім беретін мектебімізге діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған кездесу өтті. Кездесуде білікті теолог маман, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі Нұрбол Сейлханов дәріс жүргізіп, толыққанды ақпараттармен бөлісті.

Кездесудің негізгі мақсаты — жастар арасында діни экстремизмнің таралуын алдын алу және олардың діни сауаттылығын арттыру.

Кездесуде діни экстремизм ұғымы, діни экстремизмнің анықтамасы мен оның қазіргі қоғамдағы көріністері түсіндірілді. Жастардың діни радикал топтардың ықпалына түсу себептері мен тәуекелдері талданды. Діни экстремизмнен сақтану жолдары, оның ішінде алдын алу бойынша заңнамалық негіздер, жергілікті органдардың көмегі және қоғамдағы әрбір азаматтың рөлі талқыланды.

Кездесу барысында оқушылар белсенді түрдесұрақтар қойып, діни экстремизмге қарсы күрес және оның алдын алу туралы нақты түсініктер алды. Жастарға өздерінің қауіпсіздігі мен қоғамдағы бейбітшілікке үлес қосу маңызды екендігі баса айтылды. Түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта басқа ауылдар бойынша да жалғасын табады.

Кездесу жиынына мұғалімдер мен жоғары сынып окушылары қатысты.
#алдыналушаралары #біртұтастәрбиемаңғыстауоблысы #діниэкстремизмніңалдыналу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *