Бүгін "Ойынға салауатты көзқарас" алдын алу шарасы негізінде Интернет желісіндегі зиянды ойындар туралы түсіндірме жұмыстары жасалды📌⁉️
Құрметті ата – аналар!
Қазіргі таңда интернет желілерінде балалардың денсаулығына зияннын тигізетін ойындар, видеороликтер таратылып жатыр. Телефонмен отырған балаларыңызға жақындап келіп, арқасынан қағып, басынан сипап ол кіммен сөйлесіп отырғанын, қандай ойын ойнап жатқанын, қандай видеороликтерді көріп жатқанын байқау керек. Балаңыздың қандай сайттарды таңдап, ойнап отырған ойындарына көңіл аударуыңыз керек. Олар балаңызды сіз үйретіп жатқан жақсы істерге үйретпейді. Сайттағы ойындардан балалар мейірімді және тілалғыш бала болып өсуінің орнына қатал, мейірімсіз, бұзық бала болып өсуіне әкеп соғады.
Құрметті, ата – аналар, назарларыңызға алыңыздар!
SCHOOL RUNAWAY аталған ойынның ережесі бойынша балаларға қауіпті тапсырмалар берілуі мүмкін. Оң мен солын ажыратып үлгермеген бала дұрыс деп қауіпті іс-әрекетке баруы ықтимал.
Мектеп психологы Ынталы Саламатқызы оқушыларға ескертпе брюшоралар таратып, түсіндірме жұмысын жасады.
Құрметті, ата – аналар, балаларыңызға ескертіп айтып қойыңыздар! Баларыңыздың денсаулығына зиянын келтіретін ойындарды ойнамауын қадағалаңыздар!
Сонымен қатар 2024-2025 оқу жылында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде жасалатын "Өнегелі 15минут" балаларыңызбен бірге уақыт өткізуді ұмытпаңыздар. Сырласып, достасып бірге мейірімге толы сәттер өткізуге кеңес береміз.
#біртұтастәрбие_маңғыстауоблысы #өнегелі15минут
