Skip to content

⚡️ Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II Республикалық пәндік олимпиада басталды…

⚡️ Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II Республикалық пәндік олимпиада басталды

📍 Бүгін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі басталды. Олимпиадаға 113 мыңнан астам 9-11(12) сынып оқушыларының рекордтық саны тіркелді. Өткен жылға қарағанда қатысушылар саны 34 мың оқушыға артты.

📚 Олимпиада 13 пән бойынша, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда өткізіледі:

• I кезең (мектепішілік) – 2024 жылдың қыркүйегі;
• II кезең (аудандық) – 2024 жылдың қазаны;
• III кезең (облыстық) – 2024 жылдың қарашасы;
• IV кезең (республикалық) – 2024 жылдың желтоқсаны.

| кезең бойынша мектебімізде тікелей эфир (you tube) арқылы 25.09-28.09.2024жыл күндері пәндік олимпиаданың сынақтарын тапсыруды бастап кетті.
Информатика кабинеті жасақталып білім алушы оқушылар таңдаған пәндері бойынша сұрақтарға жекелей отырып тест тапсырмаларын орындады.
Бүгін қазақ тілі және әдебиеті пәнінен оқушылар сынақ тапсырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *