Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымыз бен әжелердің мерекесі. Бірінші қазан қарттар мерекесі күні құтты болсын!
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
2 "А" сынып оқушысы Мұрат Ақторғынның бала монологын назарыңызға ұсынамыз.
Отбасының тірегі ата-әже, әке-ананың тәлімі мен тәрбиесі.
