Қазан айының жоспарына сәйкес 1-сынып оқушыларына «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында тәрбие сағатын өткізу берілді.
Аталған тақырып негізінде 1 «А,Ә,Б» сынып жетекшілері Гүлшат Қонысқызы, Гүлжайна Қалиханқызы, Айгерім Жәлиқызы полиция инспекторымен бірлесіп керемет шара өткізді.
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға жол қауіпсіздігін үйрету, жол
белгілерін түсіндіру және күнделікті өмірде кездесуі мүмкін қауіптің алдын алу.
Тәрбие сағатына Қарақия АПБ Учаскелік полиция инспекторының жұмысын ұйымдастырушы полиция подполковнигі Нұржан Жандарбеков, Қарақия ауданы ПБ ЖПҚб учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрлан Буркитбаев және БОІМ Айгүл Доғдырбайқызы, ДТЖО, ата-аналар қатысты.
Тәрбие сағаты барысында полиция өкілдері оқушыларға практикалық түрде жол белгілерін таныстырды, түсіндірді. Сынып жетекшілер дайындаған жол белгілерін анықтау тапсырмасын оқушылар ата-аналарымен бірігіп орындап белсенділік көрсете білді.
Білім алушылар арнайы көрнекіліктерде «велосипед, көлік, самокат» секілді көлік түрлерімен практика жасады.
Тәрбие сағаты өте жақсы өтті!
#біртұтастәрбие_маңғыстауоблысы
#жолбелгілері #жолдажүруережелері








