Skip to content

Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде білім беру ұйымында барлық іс-шаралар жүйелі…

Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде білім беру ұйымында барлық іс-шаралар жүйелі жоспарға сай өтуде.

Бала-біздің болашағымыз деген сөз тіркесінің мәні саналы ұрпақ өсіру оған нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек сіңіру алдымен ата-ананың тәрбиесінен беріледі. Сол дұрыс тәрбиеге қосымша парасат пен пайым, теориялық және практикалық түсінікті педагог береді.
Бүгін 23-қазан күні 1-4 сынып білім алушыларына Қарақия АПБ Учаскелік полиция инспекторының жұмысын ұйымдастырушы полиция подполковнигі Нұржан Жандарбеков, Қарақия ауданы ПБ ЖПҚб учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрлан Буркитбаев мырзалар практикалық жағдаяттар арқылы қауіпсіздік заңдылықтарын көрсетті.
Оқушылар арнайы жаяу жүргіншілер жолынан дұрыс өтуді, көлік қозғалысына сай заңды әрекет етуді үйренді.
Жаяу жүргіншілер жолынан өтетін сәтте сол және оң жаққа қарау, қауіпсіз болғанда ғана жүруді түсінді. Тоқта белгісі, айналып өту белгісі, бағдаршамның үш түрлі түсінің мәнін ұғынды.
Сынып жетекшілер мен ДТІЖО бірлескен шара өмір қауіпсіздігі мен жол қауіпсізідігінің маңызын айқындады.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы #жолдажүруережесінсақтайық
#құқықтықтәрбиеберу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *