2024-2025 оқу жылы басында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде әр аптаның дәйексөздері жасақталды.
Жалпыға ортақ дәйексөздерде ақын-жазушылардың қанатты сөздері, білім беру ұйымына келген әр тұлғаның санасында сақталатындай қуатты сөздер алынды.
Әр аптаның дүйсенбі күні өтетін сынып сағаттарында сынып жетекшілер міндетті оқушыларға апта дәйексөзін айтып, түсіндіріп және жазбаша да жұмыс атқарып отыр. Білім алушылар күнделіктеріне де, сынып сағатқа арналған дәптерге жазып алады. Күнделікті тексеріп отыратын білім алушының ата-анасы да дәйексөзді оқып өмірлік қолданысқа енгізуге болады. Осы мақсатта дәйексөздер ұрпақ тәрбиесіне өте қажет! Сонымен қатар тәлім сағатында да тәрбие ісі жөніндегі орынбасар апта дәйексөзінің мәнін ашып жүгіртпе жолдан көрсетіп отырады.
#біртұтастәрбие_маңғыстауоблысы #аптадәйексөздері
