2024-2025 оқу жылында біліктілік курстан өткен мұғалімдер арасында «Курс барысындағы тәжірибелерімен бөлісу» тақырыбында кері байланыс ұйымдастырылды. Мақсаты: педагог қызметкерлердің курстан алған білімдерін қолдану мақсатында ұжымға тарату және оқу үрдісіне енгізу үшін тәжірибе алмасу. Кері байланысқа 35 мұғалімдер мен жас мамандар қатысты. Кері байланыс барысында мұғалімдер түрлі платформалар, әдіс-тәсілдер мен ойындарды көрсете білді.
1. Қосжанов Бауыржан- «Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған алты бөлімге шолу»
2. Оразбаев Жәнекул-« Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»
3. Изтурғанова Мереке-«Биология сабақтарында ғылыми –жаратылыстану сауаттылығын дамыту»
1. Есенбаева Айткул, Жангельдина Айгерим-«Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық әс-әрекеті»
2. Машырықова Асем- «Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»
3. Мұратова Самал- Жасанды интеллект
4. Тайшаева Жанаргүл –«География сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жасаудың білім беру технологиялары»
5. Бурабек Роза-« Smart- оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары»
Кері байланыс өз дәрежесінде жақсы көңіл –күйде өтіп аяқталды.
