Бүгін 12-қараша күні мектебімізде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Еңбегі адал жас өрен" жобасын негізге алып "Ұлықтайық ұршықты" атты шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатын ұйымдастырушы ДТІЖО және "Эстетика" бірлестігі.
Шарамыз алдымен киіз үйдің "ағаш үй" керегесін құру, таңғышын байлаудан бастау алды.
Шеберлік сағатының негізгі бағыты ұмыт болып бара жатқан "ұршықты" ұлықтау, жастарға үйрету, таныту болып табылады.
Бүгінгі шеберлік сағатына әжелер мектебінің мүшесі, мектеп жанынан ашылған мұражайда қаншама бұйымдары төрден орын алған киіз үй тігуші шебер Ізтұрғанова Қырмызы әже, аяулы әже, ұршық иіру сайыстарының жүлдегері, текемет басу өнерінің шебері Жакиева Гүлнар әже және "асыл әжелер" ансамблінің жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қожахметова Қырмызы апай келді. Шараның мақсаты білім алушылардың есінде ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жасампаз ету. Қыз балалардың ұлттық өнерге, ұлттық бұйымға деген қызығушылықтарын арттыра отырып өз қолымен тұтуға баулу. Шара 3-кезеңді қамтиды. 1-кезең: әжелердің қолөнер бұйымдарын, жетістіктері мен өміржолын бейнеролик арқылы оқушыларға таныстыру. 2-кезең: ұршықтың шығу тарихы, жасалу жолы және ұршық иіру. Шеберлік сағаты барысында оқушылар жүн түтіп, боялған жүнді ұстап ұршықпен иірді. 3-кезең: әжелермен бірге халық әнін айтып, үйренгендері туралы ой бөлісті.
#біртұтастәрбиемаңғыстауоблысы #даналық_мектебі_маңғыстау_облысы
@birtutas_tarbie_mangystau @karakia_bilim_bolimi















