ЖББ Қарақұдық мектебінде 15-қараша күні ұлттық валюта теңгеге байланысты шаралар өтті. Соның бірі "көңілді қоңырау" кезінде білім алушыларға төл теңгеге қатысты сұрақтар қойылып, жауап берген оқушыларға ойын ойнатылды. Ойын шарты бойынша сұраққа жауап кезеңінен сүрінбей өткен оқушы дүкеннен жемістердің дұрыс орналасуына дәл тауып ақшалай сыйлық ұтып алады (банкноттар көрнекілік). Оқушылардың ойлау қабілеті мен есепке қабілетін дамыту, теңге туралы ақпарат беру мақсатында осындай шара ұйымдастырылды!
#біртұтас_тәрбие #Ұлттық_валюта


