ЖББ Қарақұдық мектебінде "Тазалық – саулық кепілі" тақырыбында "Бозбала" балалар ұйымының 6-7 сыныптарына жиналыс жасалды.
Жиналыстың мақсаты: білім алушылардың тазалықты сақтауы, әрдайым өзі және өзгелерден ұқыптылықты, тәртіпті талап ететіндей болуға баулу.
Жиналысты өткізуші "Бозбала" ұйымының жетекшісі Ербол Қуанышұлы және ДТІЖО.
Жиналыс барысында Ұзақбаев Нұркелді оқушыларға ұйым жетекшісін таныстырып, мектептің ішкі тәртібін сақтау соның ішінде талапқа сай мектеп формасын сақтау мен қатар тазалық, түрлі буллингтің түрлерінен аулақ болу туралы түсінік беріп өтті. Сонымен қатар қазіргі таңда қоғам дертіне айналған есірткі қылмысы мен нашақорлыққа мүлдем төбеушіліктің соңы жақсылықпен аяқталмайтынын да түсіндірді. Тазалық тек қана гигиена емес, қоқыстарды тастамау, кабинеттегі гүлдердің суарылуы т.б.
Тазалық – әр адамның өзінен бастау алады деп сөзін қорытындылады.
Жиналысқа қатысқан мектеп медбикесі Нұрлыбай Айгүл Нұрлыбайқызы оқушыларға жеке бас гигенасын сақтау және оның жолдары туралы ақпараттар беріп өтті.
Ауа райының салқындауына байланысты тұмаудың алдын алу үшін дәруменге бай тағамдар тұтыну, жылы киіну туралы да қосымша ақпарат айтып өтті.
Жиналысқа 40 оқушы қатысты.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстауоблысы #тазалықсаулықкепілі




