ЖББ Қарақұдық мектебінде ата-аналарға "Қауіпсіз балалық шақ" ақпараттық науқан жоспарына сай жиналыс өтті.
Жиналыстың тақырыбы: "Бала тәрбиесі – бесіктен".
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата – ана тәрбиесінің әдіс – тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату. Көңіл – күйлерін көтеру, есте сақтау қабілеттерін арттыру, топқа бірігіп жұмыс жасауға дағдыландыру, қарым – қатынастарын нығайту. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата – аналармен бірлесе қарастыру.
Бейнеролик көрсетіліп талқыланды, сергіту сәті, ситуациялық сұрақтар қойылды.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#қауіпсізбалалықшақ
