ЖББ Қарақұдық мектебінде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" жоспарға сәйкес 2сынып оқушыларының ата-аналары жиналысына сабағы өтті. Тақырыбы: Баланың дамуындағы тамақтанудың маңызы. Балалардың өзінің және басқа адамдардың сезімін түсінуге үйрету.
Сабақтың бастауы ата-аналарға зиянды тағамдар туралы бейнеролик көрсетуден басталып "ой түрткі" сауалдары қойылды.
Сабаққа белсенді қаьысуға шақырылған ата-аналарды топтарға бөліп тақырыпқа сай сабақ жүрісі басталды.
Сабақ барысында ата-аналар баланың тамақтану рационында қандай тағамдар болуы керек екенін топтық жұмыста атап өтті. Зиянды тағамдар мен сусындардың бала дамуын тежейтіні туралы сөз қозғады.
2 "а, ә, б" сыныптың жетекшілері бірлескен АПҚО сабағында ата-аналар ортаға ой саларлық тұшымды дүниелермен бөлісті. Сабаққа ДТІЖО Нұркелді Жұмабекұлы, мектеп әкімшілігі және ата-аналар қатысты.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы2024-2025
