Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінің 2024-2025 оқу жылында жұмысқа орналасқан жас мамандарынан…

ЖББ Қарақұдық мектебінің 2024-2025 оқу жылында жұмысқа орналасқан жас мамандарынан "Жемқорлыққа жол жоқ!" атты челленджі.

Ұлттың келешегі бүгінгі жастардың дұрыс тәрбие мен білім беруінде. Жақсы нәтиже көрсетер ұрпақ тәрбиелеу үшін алдымен мәдениетті өзімізден бастағанымыз абзал!

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірі болып табылады, ол мемлекеттің жалпы ұлттық қауіпсіздігінің жағдайына ғана емес, сонымен бірге оның барлық құрамдас бөліктеріне де зиянды әсер етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен қатар өткір тұр. Сыбайлас жемқорлық-бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі. #біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы #сыбайласжемқорлыққажолжоқ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *