Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы сөйлеген сөзінде ұлттың жаңа келбетін қалыптастыруға пәрмен беретін құндылықтарды атап өтті. Аталған құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) басты мазмұнын құрайды. Бағдарлама мазмұнына сәйкес желтоқсан айы бірлік пен ынтымақ айы деп белгіленген.
ЖББ Қарақұдық мектебінің оқушылары 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджіне «Атамекен» әнін орындады. (Сөзі:Қ.Мырзалиев, Әні:Е.Хасанғалиев).
Тұғыры биік Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы #жетістігімеліме
@karakia_bilim_bolimi
@birtutas_tarbie_mangystau
